Шығыс Қазақстанда биыл «Баршаға тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы аясында 1730 адам кәсіби дайындықтан өтеді. Сүтті сатып алу және өңдеу бойынша 12 қанатқақты кооператив құрылады. Медициналық кадрларды қайта даярлауға қатысты үш жылдық бағдарлама әзірленіп, өңірдің 150 дәрігері шет елдің үздік клиникаларында шеберліктерін шыңдайды.
Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде аймақтағы ірі кәсіпорындармен бірлесе отырып құны 8 млрд теңгені құрайтын 10 ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады. Семей қаласында 2017 жылдан бастап «Тұрғын үй жинақ банкінің» салымшылары үшін жыл сайын 1200 пәтер салынады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы жан-жақты талқыланған актив жиналысында облыс әкімі Даниал Ахметов маңызды стратегиялық құжатты жүзеге асыру аясында өңірде осындай бірқатар ауқымды жобалардың қолға алынатынын жеткізді.
Жылдың басты құжатын талқылаған жиында аймақтағы ірі кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының өкілдері ойларын ортаға салды. «Казцинк» ЖШС металлургия бойынша атқарушы директоры Тұрарбек Әзекенов мыңдаған адам еңбек ететін алпауыт кәсіпорынның ұжымы Елбасы Жолдауын зор ықыласпен қабылдағанын, зауыт алдында бірнеше үлкен міндеттердің тұрғанын, алдағы уақытта тауар сапасы мен еңбек өнімділігін арттыруды көздеп отырғандарын тілге тиек етті.
Облыстағы жастардың атынан сөз алған Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының басшысы Ринат Теміржан Жолдаудың өз қатарластарын ерекше жігерлендіргенін атап өтті. «Біздің университет Қазақстанның экономикасын дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустрияландыру бағдарламасына кадрлар дайындауға іріктелген республикадағы он жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Мұнда жаңашыл ойлайтын, алдыңғы қатарлы мамандар даярлануда. Ең бастысы, мектептер мен жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыс орнаған. Болашақта мұндай оқу орындарында білім алуға дүниежүзінің оқушылары қызығушылық танытады деген жоспар бар», – деді ол.
«Орика Қазақстан» акционерлік қоғамының бас директоры Юлия Югай бұған дейінгі екі жаңғырудың ел өмірінде ерекше маңызға ие болғанын, Мемлекет басшысының ұсынған Үшінші жаңғыруы Қазақстанның дамуына тың серпіліс беретін ғаламдық деңгейдегі құнды құжат екендігін айтты.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы
• 17 Ақпан, 2017
Жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға әлеует жетеді

Алматыда аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше