Маңғыстау халқы үшін ауыз су – маңызды мәселе. Өңір тұрғындарының алып су айдынының жағалауында отырып ауыз суды армандауы да – үйреншікті құбылыс. Себебі, өңірде су көздерінің тапшылығы мен теңіз суының тұздылығы мәселені басқаша шешуге мәжбүрлейді.
«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының жемісі облыстың ең шалғай, халқы көп ауданы Бейнеу ауданында жүзеге асып, кентте су тазарту кәсіпорыны іске қосылды. Кәсіпорынның міндеті – Еділ өзенінен келген суды тазартып, халықты ауыз сумен қамту. Мекемедегі сыйымдылығы 45 мың текше метр болатын бес бірдей сүзу қазандықтары тәулігіне 12 мың текше метр суды өңдейді. Су алдымен тұшытылып, одан соң бірнеше рет сүзгіден өткізіліп, әбден тазартылады. Әр тәулік сайын тазартылған, ішуге жарамды су құбыр арқылы тұрғындарға таратылады. Замана талаптарына сай жаңа технологиямен жабдықталған кешендегі құрылғылардың жартысынан көбі, яғни 60 пайызы отандық өнім болса, техниканың 40 пайызы шетелдік қондырғылар.
Мердігер Асқар Керелбаевтың айтуынша, су тазарту кәсіпорны Маңғыстау облысы аудандарының ішінде бірінші рет Бейнеу ауданында жүзеге асырылған. 2014 жылы басталған жұмысты 2016 жылы аяқтаған. Жаңа құрылыстың құбырлары үш елді мекенге тартылған, тағы екі елді мекенге жақын арада құбыр жүргізіледі. Құбырмен жеткізілетін су үйді-үйге кезең-кезеңімен жеткізілетін болады, демек бейнеуліктер үшін су таситын көліктерге тапсырыс беріп, кезек күтетін күндер артта қалатын кез алыс емес.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы
Суретті түсірген
Серік МАЙЕМЕРОВ

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше