Әлемге танымал «Касперский зертханасы» компаниясымен серіктестік аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Ақпараттық қауіпсіздік» орталығы ашылды. Білім ордасындағы бұл оқу орталығы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кибер-қауіп пен заманауи тренд туралы білімнің қайнар көзі болмақ. Сондай-ақ, ресурстарды жаһандық ғаламтор кеңістігіндегі кибер-шабуылдардан қорғаудың құрылымдық жүйесін құру жұмыстары да қолға алынбақ. Аталған орталықта жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері де білімін жетілдіре алады.
«Касперский зертханасы» білім беру бағдарламасының жетекшісі Дмитрий Постельниктің айтуынша, «Касперский зертханасының» жұмысы ақпараттық қауіп пен кибер қауіпсіздік туралы білім сапасын арттыруға бағытталған. Компания өнімдері сертификатталған және халықаралық нарыққа шығарылған. Білім беру саласы арқылы өз тәжірибемізбен бөлісуге және кибер-қорғаныс бойынша қазақстандық еңбек нарығындағы мамандар әлеуетін жоғары мамандандырылған қызметкерлермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.
Бүгінде ғаламдық ақпараттандыру қоғамға үлкен өзгерістер енгізуде. Мамандар ақпараттық технология саласындағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында заманға сай әрі озық технологиялар ұсынуда. Кибер-қауіпсіздік және білім беру саласы бойынша ресейлік зертханамен ынтымақтастық туралы келісім аясында Мәскеудегі «Касперский зертханасының» ең үздік сарапшылары ақпан айында Алматыға арнайы келіп, оқу орнының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен компаниялардың өкілдеріне арналған семинарлар жүргізіп, дәрістер оқымақ.
Айта кетерлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ цифрлы технологияларды қолдана отырып, білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Білім ордасында әйгілі «Hewlett-Packard», «Microsoft», «Cisco», «Konika Minolta», «Fujitsu», «Samsung» және басқа да бірқатар компаниялардың орталықтары мен зертханалары ашылып, жемісті жұмыс істеп келе жатқандығы соның айғағы.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше