16 ақпан күні қазақ футболының ардагері, КСРО спорт шебері Сейітжан Берікбайұлы Байшақов 72-ге қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы sportsffa.kz хабарлады.
60-жылдардағы әйгілі футболшы, қазақ аяқдобының ардагері ұзақ аурудан кейін қайтыс болды.
«Егде буын Сейітжан Берікбайұлының шеберлігіне, соққан голдарына тәнті болатын. Футбол жанкүйерлері оны тіпті КСРО-ның атақты футболшысы Эдуард Стрельцовпен салыстырды. Өкінішке қарай, Сейітжан Берікбайұлы өз бойындағы талантын толықтай жүзеге асыра алмаған секілді. Бұл тұрғыда, қазақ спорт журналистикасының ардагері Сайын Тұрсынов ағамыз «әр түрлі себептермен Сейітжан өз қабілеті мен әлеуетінің жартысын да жүзеге асыра алмады» деп өкініп отыратын. КСРО құрамасы сапына шақыртылғанын да талай рет жырлап берген. Әрі Сейітжан Байшақовтың Алматының Орталық стадионда Мәскеу клубтары сапында ойнайтын КСРО құрамасының қорғаушыларын қалай алдап өткендерін сүйсіне айтып отыратын. 60-жылдардағы жанкүйерлердің біразына Сейтжан Байшақовтай шабуылшы жоқ болатын», - деп жазады Астана футбол федерациясы.
Қазіргі Қазақстан футбол федерациясының президенті, 1978 жылғы әлем чемпионатының електік додасында КСРО құрамасы сапында екі ойын өткізген, даңқты қорғаушымыз Сейілдә Байшақов та немере ағасының Жамбыл жастары үлгі тұтар тұлға болғанын айтады:
«Ағам Сейітжан Жамбылдың «Металлист» командасы сапында шабуыл шебінде ойнады. Ал 1967 жылы оны «Қайрат» шақырды. Сол жылдары Сейітжан Байшақов жалғыз менің ғана емес, мыңдаған жамбылдық жеткіншектердің үлгі тұтар футболшысы болды. Осыдан кейін менің де арманым – «Қайраттың» жейдесін кию болды», - дейді ол.
• 17 Ақпан, 2017
Қазақ футболының аңызына айналған Сейітжан Байшақов қайтыс болды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше