Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Инвестициялар және даму министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің үкіметтік емес ұйымдар және бизнес саласының өкілдері қатысқан жиынды Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина жүргізді.
Отырыс барысында үш заң жобасының тұжырымдамасы қаралды. Заң жобаларында көлік, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып, тиісті министрліктердің өкілдері баяндама жасады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 2,2 миллионнан асады. Олардың 350 мыңнан астамы тіркелмеген қызметті атқаратындар немесе табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар. Сол себепті, халықаралық еңбек ұйымының қағидаттары бойынша, оларды нәтижесіз жұмыспен айналысатындардың қатарына жатқызуға тура келеді.
Тағы бір айта кетерлігі, 2050 жылға қарай еліміздің өңірлеріндегі халықтың орналасу тығыздығының арасындағы алшақтық белең алуы мүмкін. Мәселен, оңтүстік өңірде бұл көрсеткіш солтүстік өңірмен салыстырғанда төрт есе артық болмақ.
– Осыған орай, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында азаматтардың жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуына жағдай жасау көзделген. Сол арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға болады, – деді Біржан Нұрымбетов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, соңғы алты жыл ішінде еліміздегі жұмыспен қамтудың 28 пайызға өсуі білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару салаларының есебінен қамтамасыз етіліпті. Мемлекет-
тік кәсіпорындарда ашылған жұмыс орындарының үлесі болса 50 пайыздан асады.
Заң жобалары бойынша баяндама жасаушылар құжаттарды қабылдаудың мақсаты, оның халықты жұмыспен қамту, көші-қон саласындағы мәселелерді реттеудегі маңызы туралы дәйектерін ортаға салды. Үкіметтік емес сектор мен бизнес өкілдері заң жобаларына ұсыныстарын жеткізді.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

Алматыда аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше