17 Ақпан, 2017

Samsung басшысы тұтқынға алынды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сеул соты ел президенті Пак Кын Хе айналасындағы ірі жемқорлық дауына байланысты парақорлық бойынша айып тағылып отырған Samsung корпорациясының басшысы Ли Чжэ Ёнді тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Рёнхап агенттігінің мәлімдеуінше, іс бойынша сот шешімі шыққанша корпорация басшысы ел астанасынан 15 шақырым жердегі Йыван қаласының түрмесінде болады. Істі тергеу 28 ақпанға дейін аяқталуы тиіс және Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы премьер-министр Хван Гё Анның келісімімен бір айға ғана ұзартыла алады. Жемқорлық дауы 2016 жылдың қазан айында тұтанған болатын. Басылым беттерінде Samsung және өзге де оңтүстіккорейлік ірі корпорациялардың үкіметтен жеңілдік алғаны, қайтарым ретінде президенттің құрбысы Цой Сун Силь құрған қорларға ірі көлемде қаражат аударғандары туралы ақпарат жарияланды. Хабарланғандай, ешқандай мемлекеттік лауазымды иеленбеген әйел өзінің жоғары байланыстарын пайдалана отырып, президент әкімшілігі істеріне араласқан және пайда тапқан.