17 Ақпан, 2017

Наурызда қазақстандықтар неше күн демалады?

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандықтар наурызда жарты айдай уақыт демалады. Сенбі мен жексенбілерді санамағанда қазақстандықтар тағы төрт күн демалысқа шығады. Демалыс күндердің бірі сәрсенбіге түседі - 8 наурыз. Тағы үш күн - Наурыз мерекесіне. Түркі тілдес халықтары үшін ең басты мейрам болып саналатын наурызда 21, 22 жән 23 күндері демалыс болып бекітілген. Осыған дейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойған еді. Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден - 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден - 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды. Осылайша, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалыста болады. Синоптиктердің алдын ала болжамы бойынша, Астанада Халықаралық әйелдер күнінде ауа райы бұлтты болып, қар жауады. Ауа температурасы - 4 градус. Алматыда 8 наурызда ауа температурасы 15 градусты көрсетіп, ашық болады.