EXPO-2017 аясында өтетін бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Фируза Шәріпова жұдырықтасу мүмкін. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді, деп хабарлады allfight.ru.
«EXPO-ны ұйымдастырушылардың тарапынан бокс кешіне қатысу жайында ұсыныстар болмады. Бұл жайында Серік Сәпиевпен ақылдасқан болатынбыз. Ойымыз бір жерден шықты. Фирузаның Астанада жекпе-жекке шыққаны жақсы болар еді. Біз өз тарапымыздан бокс кешіне қатысуға дайын екенімізді айттық. Маған да, Фирузаның өзіне де EXPO аясында жекпе-жек өткізген қызық болғалы тұр», – деді Завилейский.
«Егер жекпе-жек өтер болса, Фируза әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы мүмкін. 1 сәуір күні сегіз раундқа жалғасатын аралық жекпе-жек өткізеді. Мүмкін бір атақ үшін қолғап түйістіреді. Осыған байланысты, кеше ғана WBC өкілдерімен сөйлестім. Фирзуа 1 сәуір күні қандай атақ үшін жұдырықтасатынын айтатын болады, - деді боксшының менеджері.
Айта кетейік, кеше Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растаған болатын.
«Әрине, спорт шаралары – EXPO аясындағы жетекші орында. Бес әлем чемпионатын, екі Азия чемпионатын, Президент кубогц – теннистен халықаралық турнирін, "Жібек жолы - 2017" халықаралық раллиін өткіземіз, ол Мәскеуде басталып, кейін Астан, Бейжіңге барады. Дүниежүзілік бокс кеңесінің халықаралық мерейтойлық 55-конвенциясы мен бокс кешін өткіземіз», – деді Мұхамедиұлы.
• 17 Ақпан, 2017
Фируза Шәріпова Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасуы мүмкін

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше