17 Ақпан, 2017

Бір ғасырдан кейін Марста қала салынады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұп-тура бір ғасырдан кейін Марс ғаламшарында мына суреттегідей кішкене қалашық бой көтеретін болмақ. Бұл туралы Дубай қаласында өткен Бүкіләлемдік үкіметтік саммит аясында Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жария етті. Тіпті, қатысушыларға болашақ қаласының жоспары мен макеті де көрсетілді, деп жазады muslim.kz.

Жобаның таныстырылымында БАӘ-нің премьер-министрі және Дубай әміршісі Мухаммад бин Рашид әл-Мақтумның өзі қатысып, жоба маңыздылығына тоқталды.

«Марс 2117» деп аталатын қалашық құрылысына екі халықаралық ұйым атсалысатын болады. Бұған қоса, әлемдік ғылыми-зерттеу институттары да жұмылдырылмақ. Бір ғасырға есептелген жоба аясында қызыл ғаламшарға азық-түлік жеткізу және адам тасымалын қамтамасыз ететін мамандар даярлау ісі қарастырылған.