WBC нұсқасы бойынша Еуразия және WBA NABA тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы diamondring.kz хабарлады.
Сойлыбаевтың келесі қарсыласы 31 жастағы тәжірибелі мексикалық боксшы Марио Антонио Масиас атанды. Ол шаршы алаңда 50 жекпе-жек өткізіп, 28-ін жеңіспен аяқтаған. Қос боксшының арасындағы айқас 8 раундтық жүйе бойынша 10 наурыз күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тустин қаласында өтеді.
«Шаршы алаңға шығатыным үшін қуаныштымын. Соңғы рет жекпе-жегімді өткен жылы өткізгендіктен, бұл сәтті ұзақ күттім. Бір өкініштісі, қолымнан алған жарақатыма байланысты біразға дейін жаттығу жасай алмадым. Ал қазір жанкүйерлерімді жеңіспен қуантуға дайынмын. Қарсыласым тәжірибелі екені айтпаса да белгілі. Әлем чемпионы атағына үміткер болған. Дегенмен, бапкерім Эрик Браун екеуіміз оның осал тұстарын тауып, жеңіске жетеміз деп отырмыз. Қазір 10 наурызды асыға күтіп жүрмін», – дейді Бекман Сойлыбаев.
Айта кетейік, 2011 жылдың желтоқсан айында Марио Масиас жеңіл салмақта WBA нұсқасының чемпиондық белбеуі үшін шаршы алаңға шыққан, ал 2014 жылы WBC тұжырымы бойыншы чемпиондық атаққа міндетті қарсылас ретінде айқасқан. Алайда, екі кездесуде де мексикалық боксшы жанкүйерлерін қуанта алмады.
Қазіргі уақытта Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелес қаласында Wild Card West жаттығу залында америкалық бапкер Эрик Браунмен бірге жаттығу жасап жүр. Отандасымыз кәсіпқой бокста 9 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның төртеуін нокаутпен аяқтаған. Алдын ала мәлімет бойынша оныншы айқасы биыл сәуір айына жоспарланып отыр.
• 17 Ақпан, 2017
Боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше