17 Ақпан, 2017

Трамптың бұрынғы лимузині сатылады (фото)

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлыбританияда Трамптың 1988 жылғы лимузині сатылымға шығарылды. Кадиллак компаниясының 1988 жылы Дональд Трамп үшін арнайы шығарған көлігі бастапқыда 50 данамен шығару жоспарланғанымен, кейін бұл көліктің екі данасы ғана шыққан. Автокөлік қозғалтқышының көлемі 5 литр. 29 жыл ішінде көлік тек 72 мың шақырым ғана жүрген және бес қожайын ауыстырған. Көлік $62 000-ға сатылады.