17 Ақпан, 2017

Apple Үндістандағы өндірісті iPhone SE смартфонынан бастайды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Apple Inc корпорациясы алдағы айдан бастап iPhone SE атты арзан смартфондарын шығара бастайды. Телефон өндірісі Үндістанның оңтүстігіндегі Бенгалуру технологиялық хабында қолға алынады, деп жазады Reuters агенттігі. Apple компаниясының Тайваньдағы өндірістік серіктертесі Wistron Corp корпорациясы осы бастаманың ұйытқысы болған. Өндірістің Үндістанға орналасуы бір жағынан корпорацияның өндірістік шығындарын азайту үшін болса, екінші жағынан Қытай өнеркәсібіне қатысты Трамп саясатының ықпалы. Сонымен қатар, Үндістанның осы саладағы экспорттық әлеуеті де корпорация басшылығының қызығушылығын тудырған.