17 Ақпан, 2017

Монополияға қарсы комитет астыртын ымыраласуға қарсы күресті бастады

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Монополияға қарсы комитет картельдің қоғамдық қауіпті әрекет болып табылуына байланысты (оның ішінде, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың негізсіз өсуіне әкеп соғуы мүмкін), барлық азаматтардың назарын құқық бұзушылық белгілеріне аударады, себебі монополияға қарсы ведомство қызметкерлері үшін тергеп-тергеуді бастау негіздерінің бірі жеке және заңды тұлғалардың өтініші (шағымы) болып табылады. Егер мұндай келісімдер бағаларды (тарифтердi) белгiлеуге, сауда-саттықта бағаларды өсіруге, сауда-саттық пен аукциондардың қорытындыларын бұрмалауға, тауар нарығын бөлуге, тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға, шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғуы мүмкiн болса, нарық субъектілері - бәсекелестер арасындағы деңгейлес келісімдер картель деп танылады Осыған байланысты, картельдік сөз байласуды анықтау бойынша жұмысты күшейту мақсатында Комитеттің сайтында - www.kremzk.gov.kz «Картель туралы хабарла!» атты баннер орналастырылды. Осы бөлімде картель туралы жалпы ақпарат, құқықтық база және т.б. орналастырылды, сондай-ақ кері байланыс нысаны әзірленді, картельдік сөз байласу белгілерін көрсететін материалдарды жіберуге болатын электрондық мекенжай мен факс көрсетілді. Осыған байланысты, адал кәсіпкерлер мен белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарды картельдік астыртын ымыраласудың барлық өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз. Бұл мемлекет көздеген бәсекелестік негізде әділдікті қалпына келтіруге және тауар нарықтарының жұмыс істеуі мен оларды дамытуды қолдауға жәрдемдеседі. Саламатты бәсекелес орта тауарлардың түр-түрін, әртүрлі және қолжетімді бағаларды, сондай-ақ лайықты сапаны білдіретіні белгілі. Бұл туралы монополияға қарсы органға бірінші хабарлаған және сөз байласуға өзінің қатысуын тоқтату бойынша жедел шаралар қабылдаған, тұтынушыларға келтірілген зиянның орнын ерікті түрде толтырған нарық субъектісі - картельге қатысушы әкімшілік жауапкершіліктен толықтай босатылатынын атап өтеміз!