Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова EXPO-2017 кезінде әлем чемпионы атануды армандайтынын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «EXPO-2017 кезінде өтетін бокс кешіне қатысуды армандаймын. Сондай-ақ, жоспар бойынша сол уақытта титулды жекпе-жек өткізуім керек. Өз елімде, жанкүйерлерімнің көз алдында әлем чемпионы атанғанға не жетсін, шіркін! Ғаламторда осы идеяны қолдап пікір жазғандарды оқығанда керемет бір күйде қаламын», – деді Шәріпова. «Менеджерім екеуіміздің ойымыз бір жерден шықты. Дегенмен, EXPO-2017 ұйымдастырушыларының тарапынан әзірге ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Баспасөз беттерінде жазылғандай, көпшілік атақты боксшылармен айқасқанымды қалайды. Жекпе-жегім бокс кешінің сәнін кіргізеді деп ойлаймын», – деді боксшы қыз. «Ұйымдастырушылар тарапынан ұсыныс күтіп жүрміз. Ал өзіміз тыңғылықты түрде дайын болуға әрі чемпиондық атақ үшін кездесу өткізуге уәде береміз. Өз елімде чемпион атану үшін барымды саламын», – деді Фируза.
ЭКСПО-2017 • 17 Ақпан, 2017
Фируза Шәріпова: EXPO-2017 кезінде шаршы алаңға шыққым келеді
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше