Тұрғындарды баспанамен қамту бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі екенін айтқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев алдағы 5 жылда 4,8 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 47 619 отбасы баспаналы болатынын жеткізді.
Есепті жиында әкім баспанамен қамтамасыз ету бойынша қажеттіліктерді кезең-кезеңімен шешу үшін 2016 жылы 530 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылғанын айтса, осы жылы жалпы 700 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді тапсыру жоспарда тұрғанын айтты. Бүгінде 2017 жылы салынатын 98 көп қабатты және 4 018 жеке тұрғын үйлерге қажетті инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 11 млрд. 732 млн.теңге бөлінеді. «Алдағы 15 жылда еліміздің тұрғындарын толығымен баспанамен қамту мақсатында елімізде жаңадан «Нұрлы жер» бағдарламасы қолға алынды. Осы бағдарлама шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысы бойынша Шымкент қаласында пилоттық жоба ретінде екі коттеджді қалашықтар салынатын болады. Оның бірі 76 гектар алқапта 293 үй орналасатын «Бозарық» кешені мен 180 гектар алқапта 1 050 үймен «Таскен» тұрғын үй кешені бой көтереді. Жалпы 5 жылда 529 көпқабатты және 25 736 жеке тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі. Сонымен қатар, жиында әкім көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту әрбір отбасы үшін өзекті мәселе екенін атап өтті.Осы ретте,Шымкент қаласы мен аудан, қала орталықтарының сәулеттік келбетін заманауи талаптарға сәйкестендіру, көпқабатты үйлердің қасбетін жөндеу, аумағын абаттандыру мәселесі де өзекті күйде тұр. Облыста жалпы 3 152 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 1 581 күрделі жөндеуді қажет етсе, 183-інде қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 50,1%-дан 44,4%-ға дейін төмендетілді. Алдағы 4 жылда жалпы 488 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, жөндеуді қажет ететін үйлер үлесін 28,8 пайызға дейін төмендету көзделуде.Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше