17 Ақпан, 2017

Туристерге ең арзан қалалар анықталды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Болгария астанасы София 2017 жылы туристер баратын ең арзан қала болып танылды. Сарапшылардың пікірінше, Софияда бір күндік демалыс орташа есеппен 47,8 долларға шығады. Оған қонақүйден номер алу, тамақ, көңіл көтеру мен жүріс-тұрыс кіреді, деп жазады Hoppa компаниясының сайты. Екінші орында Каир (Мысыр). Онда бір туристің бір күндік шығыны шамамен 48,9 доллар. Ал үшінші орында Испанияның Картахен қаласы. Тәуліктік шығыны 49,7 доллар. Төртінші орында Бухарест. Румыния астанасында бір турист 55 доллар жұмсайды. Ал бесінші орында Түркияның Анталия қаласы. Ондағы тәуліктік шығын 55,03 доллар. Ең арзан ондықта бұлардан бөлек Сиемреап (Камбоджа), Киев (Украина), Манила (Филиппин), Мехико (Мексика) және Слима (Мальта) бар.