17 Ақпан, 2017

Анджелина Джоли мен Криштиану Роналду түрік сериалына түседі

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Актриса Анджелина Джоли және футболшы Криштиану Роналду сириялық босқындар туралы «Өмір көпірі» атты түрік сериалына түспек, деп хабарлайды tengrinews.kz Сериалдың трейлері Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп аймағында түсірілді. Оның толық нұсқасы үш маусымға есептелген. Қоюшы режиссер Эюп Дирликтің айтуынша, сериалды қолдауға Газиантепке халықаралық жұлдыздар келеді. Ал жобаға қатысқысы келгендер арасында Джоли мен Роналду сияқты атақты адамдар бар. Актриса Перихан Саваш сериал түсірілімі наурызда басталатынын айтты.