АҚШ-тың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) арасындағы айқас өтті.
Жекпе-жек бастала сала алға ұмтылған Қанат Ислам қарсыласын бірден жойқын соққыларының астына алды. Алайда, шыға салып, абайсыз қабағын жарып алғаны жанкүйердің жүрегін зырқ еткізген. Аққан қан бір жақ бетін жауып кеткенде, көзін аша алмай қалар ма екен деген күдік болғаны да белгілі. Бірақ осы абайсыз кеткен соққы жеңісті жылдамдатып жібергендей. Үсті-үстіне жауған жұдырық, қарсыласын ес таптырмай, ақыры бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді.
Қанат Ислам шаршы алаңдағы 23-кездесуінде жеңіске жетсе, Робсон Ассис осымен төртінші ұрысында нокаутпен жеңіліп отыр.
Айта кетейік, АҚШ-та өтіп жатқан бокс кешінде басты айқас төрт салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы 48 жастағы Рой Джонс пен 46 жастағы Бобби Ган арасында өтеді. Олар бірінші ауыр салмақтағы WBF (World Boxing Foundation) белбеуін сарапқа салады.

1 қарашаға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 21:24
Қазақстан УЕФА турнирлерінің финалдарын өткізуге дайын
Спорт • Бүгін, 20:53
Шымкентте полиция балаларға мультфильм көрсетті
Шымкент • Бүгін, 20:22
Мәйіт доноры: 6 адамның өмірін сақтап қалды
Денсаулық • Бүгін, 19:51
Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды
Өнер • Бүгін, 19:20
Димаштың жобасы Қытайда таныстырылды
Мәдениет • Бүгін, 18:47