18 Ақпан, 2017

Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына келді

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Жамбыл облысының Көксай шатқалында өтіп жасқан әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық сабағы кезінде қар көшкіні болып, 7 жауынгер қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Премьер-Министрдің тапсырмасымен құрылған Үкімет комиссиясы бүгін Жамбыл облысына барды. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлады. Үкімет комиссиясының құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров, Қаржы вице-министрі Т.Савельева, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков кірді. Комиссия мүшелері оқиға орнында төтенше жағдайдың себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. Бұл мәселе Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.