18 Ақпан, 2017

Сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында мәлімделген тапсырмаларын орындау мақсатында сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлады. Кеңес барысында қызметті орталықтандыру қағидасы бойынша сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда, табиғи монополиялар мен жер қойнауын пайдалану салаларында сатып алу жұмыстарын жүргізудің жаңа тәсілдері қаралды. Президенттің аталған тапсырмаларын орындау сатып алулар үдерістерін жүргізудің айқындылығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп сатып алулар үлгісінің жобасын талқылап, Үкіметке енгізуді тапсырды.