Талдықорған қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен өзбекстандық «Ozbek tigers» командалары қолғап түйістірді.
Алғаш болып шаршы алаңға 52 кило салмақта отандасымыз Олжас Сәттібаев пен Аброржан Кодиров шықты.
Осы маусымда команданың жаңа капитаны болып тағайындалған жерлесіміз алғашқы раундта барынша шабуылға көңіл бөліп, өзбекстандық қарсыласын соққыларының астына алды. Алайда, екінші раундта Кодиров белсендірек қимылдап, Сәттібаевтың тегеурінін тоқтатуға тырысты.
Келесі үш минутта жерлесіміз айқын басымдыққа ие болды. Бірнеше рет бұрышқа тақап алып дәл соққыларын өткізе білді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Сәттібаев алда болды.
Жекпе-жектің төртінші раундында Аброржан лас ойынымен көзге түсіп жатты. Сәті келсе аяғымен басып қалып, шынтағымен білдірмеген болып ұрып жатты.
Соңғы бесінші раундта Олжас сақ қимылдап, қарсыласының шабуылынан дер кезінде сытылып жүрді. Қорытындысында отандасымыз жеңіске жетті.
• 18 Ақпан, 2017
Дүниежүзілік бокс сериясы: Олжас Сәттібаев жеңіспен бастады

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше