Талдықорған қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен өзбекстандық «Ozbek tigers» командалары қолғап түйістірді. Үшінші болып жекпе-жекке 69 килода Асланбек Шымбергенов пен Шахрам Гиясов шықты.
Отандасымыз бірінші кезеңде қарсыласын жақындатпай, соққыларын тура бағыттаған. Бірақ Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Гиясов та қарап қалмады. Орайы келген сәттерді құр жібере қоймады. Раунд қорытындысында екі төреші жеңісті өзбекстандық лайық деп есептеген екен.
Кездесудің екінші үш минутында қос боксшы белсенділік танытты. Алайда, бұл кезде төрешілер бірауыздан жеңісті Шахрам Гиясовқа берді.
Үшінші раундта жерлесіміз аздап абдырап қалғандай көрінді. Дегенмен, алға ұмтылуын тоқтатпады. Тіпті, өзбек боксшысы өз аяғына шалынып құлап жатты. Нәтижесінде, бұл кезеңде қос төреші жеңісті Асланбекке берді.
Төртінші раундта Шымбергенов айқын басымдыққа ие болды. Айдарынан жел есіп, адуынды шабуылдарға шықты. Шахрам Гиясовтың маңдайына тиген соққылардан мұрыны қанап кететіндей көрінді. Бұл уақытта төрешілердің бәрі жеңісті отандасымызға берді.
Бастапқа төрт раундтан кейін есеп теңесті. Шешуші үш минутта Асланбек мүмкіндіктерін жібере қоймады. Ал Гиясовтың ережеге сай емес әрекеттері көрініп жатты. Дегенмен, бұл раундта кімнің басым болғанын дәл айту көрермендер үшін қиын болды.
Нәтижесінде үшінші болып рингке шыққан отандасымыз да жеңіске жетті.
• 18 Ақпан, 2017
Дүниежүзілік бокс сериясы: Шымбергенов Гиясовты жеңді

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше