Талдықорған қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен өзбекстандық «Ozbek tigers» командалары қолғап түйістірді. Төртінші болып шаршы алаңға 81 килода отандасымыз Нұрдәулет Жарманов пен Бектемір Меликузиев шықты.
Алғашқы раундта отандасымыз аздап қобалжыған болуы керек. Аяғы тайып, құлаған сәттері де болды. Алайда, артынан бәрін өз қолына алып, өзбек боксшысын бірнеше рет дәл соққыларымен төмпештеп алды. Бірақ басым бола алмады.
Кездесудің екінші үш минутында Меликузиев шабуылдаумен болды. Отандасымыздың олқылықтарын тиімді пайдалана білді.
Үшінші раундта да Нұрдәулет Жарманов ойға алған жоспарын жүзеге асыра алмады. Өзбекстандықтың тегеурінді шабуылдарына қарсылық таныта алмады.
Өкінішке орай, төртінші кезеңде де Бектемір айқын басымдыққа ие болды. Отандасымыз сүреңсіз ойын көрсетіп, тек қорғанумен болды.
Бесінші раундта Нұрдәулет ширағырақ қимылдап, өзбек боксшының қабағын жарып та жіберді. Алайда, соңғы үш минутта адуынды қимылдағанмен, бәрі тым кеш еді. Нокаутпен ғана жеңуі қажет болатын, бірақ бұл ойы жүзеге аспады.
Осылайша, боксшыларымыздың арасындағы алғашқы жеңіліс тіркелді.
• 18 Ақпан, 2017
Дүниежүзілік бокс сериясы: Жарманов Меликузиевке есе жіберді

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше