Талдықорған қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Astana Arlans» пен өзбекстандық «Ozbek tigers» командалары қолғап түйістірді. Соңғы болып шаршы алаңға +91 кило салмақта қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов шықты.
Алғашқы раундта жерлесіміз айқын басымдыққа ие болды. Өзбек боксшысын қысымға алып, бірнеше жойқын соққысын дарыта білді.
Екінші кезеңде де Қоңқабаев шабуылдаумен болды. Қарсыласынан бойы қысқа болғанмен, қуалап жүріп ұрып, соққыларын дарыта білді. Қамшыбек қанша жерден батылдық танытқанмен, үш төрешінің екеуі ғана жеңісті берді.
Үшінші раундта да жерлесіміз барын салды. Өзбек боксшысын бұрышқа тақап алып, бірнеше соққысын дәл тигізді. Ал Жалолов бойының ұзындығын, денесінің ірілігін бұл жолы да жөнді пайдалана алмады.
Келесі үш минут та дәл осы бағытта өрбіді. Қамшыбек қарсыласын қорғаныстан бас көтертпестен төмпештеумен болды. Қарсы соққыларынан дер кезінде сытылып шығып, ойға алған жоспарын толығымен жүзеге асыра білді.
Соңғы раундта да отандасымыз орайы келген мүмкіндіктерін жібере қоймады. Жалолов ара-тұра қимылдағанмен, ешнәрсе шықпады. Бұл жолы да Қоңақабаевтың мерейі үстем болды.
Осылайша, соңғы болып рингке шыққан боксшымыз жеңіске жетті. Жалпы есеп 4:1. «Астана Арландары» «Өзбек Жолбарыстарынан» басым түсті.
• 18 Ақпан, 2017
Дүниежүзілік бокс сериясы: Қамшыбек Қоңқабаев та қарсыласын жеңді

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше