Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іссапармен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Оңтүстік жұртшылығымен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының Үкімет алдына қойып отырған міндеттерін баяндады.
Жиынды ашқан облыс әкімі-«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасы Жансейіт Түймебаев осынау стратегиялық құжаттың мемлекеттің өркендеуіне негіз болатынын айтып, аймақтың дамуына жол ашатын басымдықтарына тоқталды.
«Мемлекет басшысының Қазақстанды дамытудың Үшiншi жаңғыруы бойынша жасаған Жолдауы әлемдiк дағдарыс кезiнде алға батыл қадам басуға бағыттайтын саяси құжат болып табылады. Атап айтқанда, бiз елдiң жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық өсiмнiң жаңа моделiн құруымыз қажет. Осы мақсатта Елбасы бес негiзгi басымдықты айқындады. Олар экономиканың әлемдiк өсiмiнiң орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдiң қатарына қарай тұрақты түрде iлгерiлеуге негізделген», - деді облыс басшысы Жансейіт Түймебаев.
Биылғы жолдау ел экономикасын нығайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жасқарту бойынша жаңа міндеттер жүктейтінін тілге тиек еткен Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бұл Жолдаудың жылдағыдан ерекше екендігіне тоқталып, оның елiмiздiң экономикалық дамуындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде басты бағдар екенін жеткізді.
«Президенттің әрбір Жолдауы – еліміз үшін маңызды екендігі белгілі. Жолдаулар бір жағынан халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты болса, екінші жағынан стратегиялық тұрғыдан сипатталып отырады. Ол Үкіметке айқын бағдарлар береді. Сонымен бірге, Жолдаудың жалпы қоғамға да, әрбір азаматқа да арналатындығы белгілі», - деді министр.
Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу үшін Президент 5 негізгі басымдықты, атап айтқанда, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнестік ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес басымдықтарын ұсынып отыр.
Сондай-ақ, жиын барысында Асқар Исабекұлы Мемлекет басшысының агроөнеркәсіпті дамыту аясындағы тапсырмасына орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдағы міндеттерін де баяндады.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше