22 Ақпан, 2017

Сабақтағы соны тәсілдер

409 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Президент Нұрсұлтан Назар­баев биылғы «Қазақ­стан­ның Үшін­ші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Ең алдымен, бі­лім беру жүйесінің рөлі өз­г­е­руге тиіс. Біздің міндетіміз – бі­лім беруді экономикалық өсу­дің жаңа моделінің орталық буы­нына айналдыру. Оқу бағ­дар­ламаларын сыни ойлау қа­бі­летін және өз бетімен із­де­ну дағдыларын дамытуға ба­ғыт­тау қажет», дей келіп, мұ­ға­лім дең­гейін көтеруді, ауыл мек­те­бі мен қала мектебінің ара­сын­­дағы алшақтықты азайтуды тап­сырды. Міне, осы игі істі атқару жұ­мы­­сын­да білім қызметкерлері, оның ішінде мұғалімдердің із­­де­ні­сі бөлек деуге болады. Біз­ жа­қын­да Астанадағы №74 мек­­теп­- гим­назиясында болған ашық са­­баққа қатысқан едік. «Алаш ары­с­­тарының білім бе­рудегі әд­іс­-тәсілдерімен Н.­Ораза­қы­но­­­ваның «Сатылай кешенді оқы­­ту» технологиясының са­бақ­тас­­тығы» тақырыбында өткен се­­минарда ұстаздар өздерінің ке­­лелі ойларын ортаға салып, са­­бақ беру тәсілдері бойынша пі­кір бөлісті. 7 «Б» сыныбындағы орыс тілі пәні бойынша ашық сабақ «Сын есімін морфологиялық тал­­дау» деген тақырыпта өтті. Тә­­жірибелі ұстаз Алтынай Мұ­­қашева сабақ бастамас бұ­рын оқушыларды екі топқа б­ө­­ліп отырғызды. Бұдан кей­ін оқушылар үйге берген тап­сыр­маны қайталап, әр сөзді сөз табына қарай, әсіресе, сын есім­ге қатысты тұстарға бай­ла­ныс­ты түсініктерін айтып жат­ты. Арасында қазақ тілімен бай­ла­ныс­тырып отыру да назардан тыс қалмады. Үй тапсырмасын пы­с­ықтауда екі топқа бөлінген оқу­шылар өзара пікір алмасып, кей сөздердің мағынасын тал­дау­ға мүмкіндік алды. Жаңа са­бақ­­та әр сөздің астарына үңіліп отыр­ған оқушылардың ізденісі сүй­сіндірді. Айталық, «притча» сө­зі­нің түпкі мағынасын мор­фо­логиялық жағынан талд­а­ған­да, қазақ ұғымымен ұш­тас­ты­­рып, оның тәмсіл, нақыл, өси­ет деген мағына білдіретінін, осы­ған қатысты ұлттық үлгі­де­гі өнегелерді, әсіресе, ата-баба­ларымыздың салт-сана­сы­­на қатысты көріністерді тех­ни­ка­лық құралдармен көр­сетіп отыр­­ды. Екі топқа бө­лін­ген оқу­­­шылар әр сөзді морфо­ло­гия­лық талдау бойынша тео­рия­ға сүйе­не отырып, тәжі­ри­бе жү­зінд­егі мысалдарға жү­гін­ді. Топ же­текшілері сы­нып­тас­та­ры­ның бі­лім деңгейін сабақ үс­тінде баға­мдай отырып, қай жер­д­е кемшілік жібергенін де атап жатты. Сөйтіп, олар сынып­тас­тарының үй тапсырмасына, жа­ңа сабаққа қатысуына қа­рай бағалар қойды. Ал бұл баға­лар­­ға келісу, келіспеу жайы­н­­­- да әр оқушы өздері тү­сінік беріп, жетістіктері мен мү­лт кеткен жерлерін то­лық­тырды. Біз бұл сабақ үрдісін осы­дан біраз жыл бұрын қазақ пе­дагогикасының айтулы тұл­ғасы Қанипа Бітібаеваның сыны­бында болғанда көрген едік. Шынына келгенде, үйрене ал­сақ, қазақ ұстаздары да әлем­дік педагогиканың озық ж­е­тіс­тіктерін өз пәндеріне пай­далана алады екен. Жаңа са­бақ­ты қайталай келіп, үйге берілген тапсырмадан соң бір оқушы өзінің сыныптастарынан са­бақ­тың қалай өткені туралы те­ле­дидар жүргізушісіндей сұх­­бат алып жатты. Тіпті, са­бақ­қа қатысып отырған қа­ла мұ­ғалімдерінің де пікірін сұ­ра­ды. Бір риза болған тұсымыз, ұлдар мен қыздар қазақ тілін, орыс тілін кей тұста ағылшын тілімен ұштастырып, үш тілді тең меңгеріп келе жат­қа­нын аңғартты. Осы арада мы­на бір ойымызды ортаға сала кет­сек дейміз. Қазақ мек­теп­тері­нд­е­гі оқушылар ана тіліне же­тік екен. Өйткені, қажеттілік болған соң осылай үйренсе керек. Ал қажеттілік болмаған тұста әрине ана тілі қағыс қала береді. 2«Ә» сыныбында өткен әде­биет сабағында бүл­дір­шін­дер білімге ынталы екен­ді­гін көрсетті. Өткен сабақта «Жұлдыздар» ертегісі оқы­ты­лып, үйден қайталап келу тап­сырылыпты. Үш топқа бө­лінген бастауыш сынып оқу­шы­лары халық ертегісіндегі оқи­ғаларды жарыса айтып, әр топ тақырып, жанр бойынша тап­сырмалар орындады. Бұл сыныпта да оқушылардың еркін отыруы, арасында телеэкраннан мультфильмдер көрсетіп, ондағы жаттығулар арқылы сергітіп алу да ойлас­тырылған. Жаңа сабақтың тақырыбы «Қарлығаш пен дәуіт» деп атал­­ды. Ертегінің оқиғасы бей­­н­ероликте көр­сетілді. Осы­дан кейін бала санасына кейбір түсініксіз сөз­­­­дер, яғни «арашашы», «ма­сайрап», «көзді ашып-жұм­­ғанша» секілді сөздер тү­сін­ді­рілді. Ертегі бойынша қай­­та­лау жұмыстары жүр­гі­зіл­ді. Онда «Ертегінің авторы кім?» деген сұраққа оқу­шы­лар ха­лық ертегісі деп жа­уап бер­ді. Шығарманың та­қы­ры­бы, жан­ры, идеясы да мұ­ға­лім­нің түсіндіруі бойынша қай­та­ланып жатты. Топтық жұ­мыс ке­зінде ертегінің ішін­дегі ай­ты­­латын текстер бойын­ша сұ­рақ-жауап өріс алды. Жақ­сы мен жаман қатар айтылатын тұс­ты әңгімелей келіп, мақал-мәтелдермен ұштастыру да әдемі шықты. Сабақ үстінде оқушыларды бір сарындылықтан арылту үшін ойындар ұйым­дас­ты­рылд­ы. Сабақты қоры­тын­дылау ке­зінде тақтадағы ілулі тұрған төрт жұлдызшаны төрт оқу­шы алып, артындағы жа­зу­­ларды оқы­ғанда: «Сабақ не туралы бол­ды?», «Сабақ ұна­­­­ды ма?», «Не үйрендің? Қай сөз қиындық ту­дыр­ды?», «Сабақтан қандай әсер ал­дың?» деген сұрақтар жа­зы­лып­ты. Оқушылар бұған бі­рі­­нен кейін бірі жауап беріп, тү­­сініксіз жерлерін мұғалімін қа­тыстыра отырып айтты. Са­бақ соңында топ жетекшілері сы­­ныптастарының жауабына өз бағаларын беріп жатты. Осы екі сабақтан аңғар­ға­­нымыз, қазір баяғы ке­ңес дәу­іріндегідей емес, са­бақ өту әдісі өзгерген, оқу­шы­­лар еркін отыруға, өз ойын толық жеткізуге мүм­кін­дік алған. Оның үстіне, ол ке­з­дегі мұғалімдердің оқу құ­­рал­дары, әдістемелері, тә­жі­­рибе жүзінде көрсететін зат­­тары аз болатын. Қазіргі тех­­ника дәуірлеген заманда не­­бір жақсы әдістемелерді жар­­намалайтын құралдардың мол екені, түрлі роликтердің де же­тіп артылатыны байқалды. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»