Алматы • Бүгін, 17:47

Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «Қазақы тазы» моно тұқымды көрмесі мен «Қазақстан кинологтар одағының кубогы» өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақы тазының тұқымын жандындыру мақсатында көрме өтті

Қазақы тазы тұқымының сақталуы мен дамуына үлес қосу, тұқым өсіру мәдениетін нығайту, кинологиялық білім деңгейін арттыру және Қазақстанда жауапты ит асырау дәстүрін қалыптастыруды мақсат еткен көрмеге көрмеге еліміздің әр өңірінен келген 66 тазы, питомниктер, тазы иелері мен ит өсірушілері қатысты.Р

Қазақстан кинологтар одағының төрағасы Бауыржан Серікққалидің айтуынша, мұндай шаралардың еліміз өңірлерінде түрлі ұйымдар тарапынан жылына бірнеше рет өтіп тұрады.

«Бұл жолғы шараның мақсаты қазақы тазыларды насихаттау, сақтау мен дамытуға бағытталып отыр. Қазақы тазы – еліміздің мәдени мұрасы ретінде танылған ерекше тұқым. Көрме қазақы тазының сән-салтанатын көру мақсатында ғана емес, ежелгі ұлттық аңшылық тұқым қазақы тазының асыл тұқымды жұмысын дамыту мен оны кеңінен насихаттаудағы маңызды қадам. Тазының стандартына қатысты деректерді біздің еліміздегі сарапшылар ғана айта алады. Өйткені еліміз тазының табиғи мекені саналады» дейді Б.Серікқали.

ИОдаққа шамамен 35 өңірлік клуб кіреді. Бауыржан Серікққали атап өткендей, тазы тұқымы еліміздің барлық өңірінде өсіріледі. Одақтың мақсаты осы тазыларды стандартқа сай іріктеп, ары қарай тұқымдық сипатын анықтап, көбейту. Бүгінгі күні одақтың кітабына 3500 тазы тіркелген.

Көрме барысында тазының тұқымдық сапасын жан-жақты бағалауға бағытталған салыстырмалы рингтер өтті. Рингтерде күшік тобынан бастап ересек иттерге дейінгі барлық санаттағы иттер сарапшылардың сұрыптауынан өтті.

Сараптаманы аңшылық және абориген тұқымдарын бағалауда мол тәжірибеге ие мамандар – ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер жүргізді. Іріктелген итттер арнайы кубоктар мен сыйлықтарға ие болды. Ал тазылар туралы деректер қазылар мүшелері-сарапшылардың кітабына тіркеліп, олардың бойы, дене бітімі, қимылына қатысты мәліметтер жазылып алынды.О

Ұлттық төреші Айбол Алпысбаевтың айтуынша, бұл көрме таза тазы тұқымын іріктеуге мүмкіндік береді. Атап өткендей, Халықаралық кинологиялық федерацияның талабы бойынша он жыл ішінде таза қанды тазы тұқымын дамытып, санын сапалы деңгейге көтеру міндеттелген. Ендігі кезекте іріктелген тазылар құжаттандырылып, оларды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады. Бүгінгі күні өтіп отырған ҚКО Кубогына қатысу нәтижесі арқылы қазақы тазы иелері ұлттық титулдарға қол жеткізіп, тұқым сапасын ішкі және аралас тұқымдық бәсекелерде салыстыруға мүмкіндік алып отыр.

Кубок аясында кинологиялық сарапшылар мен ит сүйер қауым тәжірибе алмасып, ит күтімі, тұқымын дамыту бағытындағы жоспарлармен бөлісті.

АЛМАТЫ