Әлем жұрты әнін тыңдап, Алла берген талантына тамсанған Әміренің ғұмыры құпия, жұмбаққа толы болды. Тіпті бертінге дейін күміс көмей әнші өмірінің көлеңкелі тұстарынан көпшілік қауым бейхабар-тұғын. Міне, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев «Әміре» драмасында пәни жалғаннан береке таппай, кең дүниесі әп-сәтте кем дүниеге айналған әйгілі әншінің тағдыр-талайына тереңірек үңіледі.
Кешегі жексенбіде Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Әміре» драмасын қойып, сахна төрінде хас таланттың өмірден көрген қиындықтарын, құпияларын, ішкі сырын, мұңын ашып көрсете білді.
Спектакльдің өне бойында сағыныш пен қорқыныш алма-кезек алысып, бір сәтте елге, жерге, отбасыға, өнерге, кең дүниеге деген сағыныш жүрегіңнің нәзік қылын шертсе, енді бір сәтте қорқыныш, үрей, азап, қатыгездікті көріп, жүрегіңіз қан жылайды. Тағы бір айтары, бұл қойылымның музыкалық көркемделуі де көрерменге өте ерекше әсер етті. Әміренің әуелетіп салған әнін төңірегіндегілер іліп әкетіп, хормен айтуы театр актерлерінің өнерін тағы бір қырынан танытқандай. Бұл тұста хормейстр, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Амантай Жұмашевтың еңбегін айрықша атап кету қажет. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.
Әміре бейнесін театр әртісі Қасымхан Бұғыбай сомдады.
– Бұл пьеса бұған дейін бірнеше мәрте қойылды. Осы уақыт ішінде кем-кетігі түзеліп, толысты ғой деп ойлаймын. Жалпы, бұл Әміренің алғашқы сахналық бейнесі болғандықтан, режиссерге де көп ауыртпалық түсті. Сондықтан, режиссер Нұрлан Жұманиязовтың еңбегі өте зор. Актерлердің де шеберлігі көңілімнен шықты. Рас, өткен ғасырдың репрессия қасіреттері туралы талай рет жазылды. Әр қаламгер сол зұлматты өзіндік ерекшеліктермен көрсеткісі келді. Мен де Әміре туралы шығармамда соларға ұқсағым келмей, басқа қырынан келдім, – дейді бұл жөнінде «Әміре» пьесасының авторы, белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05