Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова (2-1, 1 КО) ресейлік Юлия Чернобородоваға қарсы жекпе-жегі жайлы ой бөлісті. Бұл туралы allfight.ru хабарлады.
«23 ақпан күні кіші Флойд Мэйуезердің «Бокс академиясында» шеберлік сағатын, сондай-ақ алдағы қарсыласым Юлия Чернобородовамен бірлескен ашық жаттығу өткіздім. Оның қимыл-қозғалысына қарап, оңай жеңілмейтінін байқадым. Юлия жылдам қозғалып, жойқын соққылардан тез сытылып шығып кетеді. Тағы да солақай боксшымен жұдырықтасайын деп отырмын. Бұған дейінгі Софья Очигава мен Анжела Канецаро да солақай болатын», – деді Шәріпова.
«Көзқарастар дуэлін өткізгенде көздеріне қарап, алаңдап тұрғанын байқадым. «Бокс академиясына» көп адам келгендіктен қобалжыған болар. Шаршы алаңда оңай боксшы еместігі анық. Мені қиын ұрыс күтіп тұр», – деді боксшы қыз.
Айта кетейік, Шәріпова мен Чернобородова арасындағы айқас 4 наурыз күні Балашиха қаласында өтеді. Қазақстандық боксшы осымен кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізейін деп тұр.

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше