Ресейлік боксшы Юлия Чернобородова allfight.ru басылымына берген сұхбатында алдағы қарсыласы қазақстандық Фируза Шәріпова жайлы ой бөлісті.
Қос боксшы 23 ақпан күні «Бокс академиясында» көзқарастар дуэлін өткізген.
«Фируза өте сабырлы қыз. Теріс мінезін байқап үлгермедім. Тез тіл табысып кеткенді жақсы көреді екен. Екеуіміз аздап әңгімелесіп те үлгердік. Бұған дейінгі жекпе-жектерінің бәрін көрдім. Бірінші болып шабуылға шығып, қарсыластарын қысымға алғанды ұнатады. Міне, осыны негізге ала отырып, айла-тәсілдер ойлайтын боламыз», – деді Шәріпованың қарсыласы.
Фируза шаршы алаңда төртінші кездесуін өткізбек болып отыр, ал ресейлік былғары қолғап шебері кәсіпқой рингке алғаш рет шықпақ.
«Әрине, маған қарағанда тәжірибесі көбірек, әрі біраз уақыттан бері «Бокс академиясында» дайындалып жүр. Бірақ осалдық танытпай, оған лайықты қарсылас болуға дайынмын. Фирузаның бойындағы ерік-жігер менде де бар. Оған ешқандай мүмкіндік бермеуге тырысамын. Жеңіске жету үшін барымды саламын», – деді Юлия Чернобородова.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы кездесу 4 наурызда Балашиха қаласында өтеді.
• 27 Ақпан, 2017
Юлия Чернобородова: Шәріпованы жеңу үшін барымды саламын

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше