Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнестен қазынаға 150 млрд теңге түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Орынов мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, облыстағы 211 мың шағын және орта бизнес өкілдерінен қазынаға өткен жылы 150 млрд теңге түсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 9,8 млрд теңгеге артық.
«Біздің саланың негізгі қызметіне қатысты тапсырманың тағы бірі – ол бизнес ортаны түбегейлі жақсарту, оған оңтайлы жағдай жасау және кеңейту. Осы ретте, жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға ұсынылатын құжаттардың саны 7-ден 4-ке дейін қысқартылды. Бюджеттік сыныптаманың 208 кодынан (БСК) 119–ға (57,2%), қосымша құн салығын қайтару мерзімдері 180 күннен 155 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды», –– деді департамент басшысының орынбасары.
Брифингте мәлім болғандай, 2016 жылы облысымыздың сыртқы тауар айналымы 1 млрд 763 млн АҚШ долларды құраған. Ал кедендік төлемдер мен салықтардан бюджетке 53 млрд 500 млн теңге көлемінде қаржы түскен. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 19,6 млрд теңгеге немесе 58% өскен.
Сонымен қатар, өткен жылы мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан халыққа 1,7 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, қызметтің 1,4 млн немесе 81% электронды түрде, ал электронды үкімет веб-порталы арқылы 11 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл Елбасы Жолдауында айтылған цифрлық индустрияны, яғни, IT саласын дамыту тапсырмасын аталған департамент бүгінде нәтижелі жүзеге асыруының айғағы.
• 28 Ақпан, 2017
Оңтүстік Қазақстанда шағын және орта бизнестен қазынаға 150 млрд теңге түсті

Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:25
Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Театр • Бүгін, 12:20
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53