Технология • 24 Наурыз, 2017

АҚШ-та ерекше көлік құрастырылды (видео)

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тағы Thinkmodo компаниясының мамандары Verizon ұялы байланыс операторының тапсырысы бойынша ерекше көлік құрастырды.

АҚШ-та ерекше көлік құрастырылды (видео)

Трансформер-көлік үш метр биіктікке дейін көтеріле алады. Яғни, ол көлік кептелісі кезінде басқа көліктердің үстінен өтеді. 

Көлікке бірнеше бейнекамера орнатылған.  

Jeep Cherokee көлігі стандартты үлгілерге қарағанда екі есе ауыр. Әзірге мұндай көліктер тек жарнама мақсатында шығарылады. 

Соңғы жаңалықтар