Аймақтар • 30 Наурыз, 2017

Әкімнің дөрекі қылығы

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әдеп кеңесінің мүшелері мемлекеттік қызметшіге лайықсыз мінез көрсеткен шенеунікті қызметіне лайықсыз деп тапты

Әкімнің дөрекі қылығы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың жетекшілігімен өткен отырысқа  мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры – әдеп жөніндегі уәкіл Қуаныш Жапақов қатысты.

Күн тәртібіне бес мәселе шығарылып, алдымен жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев пен әкімшілік полиция басқармасы жетекшісінің орынбасары Болат Жексенбиновтің есептері тыңдалды. Кеңес мүшелері құқықтық-нормативтік актілер бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп отыруды, жұмыс тиімділігін арттыруға тұрақты назар аударуды, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақ­тауды, ұжым арасында құқықтық сау­аттылықты ұдайы жетілдіруді, тәртіп пен талапты босаңсытпауды тапсырды.

Кеңесте есеп берген Аққайың ауданы әкімінің міндетін атқарушы Еркін Жақыповтың атына бірқатар сын­дар айтылды. Әдеп нормаларын бұр­ма­лағаны үшін екі мемлекеттік қыз­мет­ші әкімшілік жазаға тартылған. Ал­дағы уақытта бюджеттік заң норма­ла­рын бұрмаламау, жұмыс сапасын ны­ғайту атап көрсетілді. Қала әкімінің орын­басары Қайролла Ғалеев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қа­ты­настары, құрылыс және қала қ­ұ­ры­лысы мәселелері бойынша ақпар бер­ді.

Күн тәртібіне Есіл ауданы Тораңғұл ауылдық округінің әкімі Бибігүл Ер­мек­байдың мәселесі шығарылғанда тал­қылау қызып сала берді. Жергілікті ше­неуніктің кеңес алдында жауап бе­руіне ауыл тұрғыны Дина Иванованың ша­­ғымы түрткі болған. Тексеру нә­ти­же­лері әкімнің мемлекеттік қыз­мет­ші­г­е қатысты әдеп талаптарын өре­с­кел бұ­з­ғ­а­нын көрсетіп берді. Елбасы Жол­дауын талқылау жиналысында тұр­ғын­дарға дөрекі мінез танытқан. Оны жау­ап­к­ердің өзі мойындағанымен, балағат сөздер айтпағанына сендіруге тырысты.

Алайда, кеңес мүшелері көпшілік дауыс­пен оны қызметінен босату жөнінде шешім алып, аудан әкімінің қарауына жіберді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы






Соңғы жаңалықтар