Әдебиет • 30 Наурыз, 2017

«Қызыл жолбарыстың» жалғасы жарыққа шықты

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта оқырманға жол тартқан сүбелі әдеби шығармалар қатарына белгілі жазушы Ұзақбай Доспанбетовтің «Абылайдың ақ туы» атты екі томдық тарихи рома­ны да енді.

«Қызыл жолбарыстың» жалғасы жарыққа шықты


Мемлекеттік тапсы­рыс­пен шыққан қос томдықты жа­­зушының ілгеріде жарық көрген «Қызыл жолбарыс» екі томдық ро­­манының жалғасы деуге әбден ке­­­леді. Айналып келгенде төрт том­­ды құрайтын тарихи романға жа­зушы 17 жылын толайым жұм­са­ғанын да айту керек.

Толғаныс, ізденіс, жазушылық та­лантпен өрілген томдар тарихымызды тербеп, Жетісу өңірлерінде өт­кен талай ілкімді оқиғаларды да тірілтіп, шежіремізді байыта түс­пек.

«Абылайдың ақ туы» жаңа тари­хи романының алғашқы томында осы­дан үш ғасыр бұрын ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұ­ла­ма» деген атпен сақталған қазақ-қалмақ қақтығыстары суреттеледі. Мұндағы оқиғалар негізінде Іле, Сырдария сияқты ұлы өзендердің жа­ғалауларында, Қаратау бойында өтеді.

Екінші томда ел басына түс­кен нәубет «Ақтабан шұ­бы­рын­­дының...» соңғы кезеңдері су­рет­теледі. Соңғы кітапта Қа­ра­тау бойында, Ташкент қала­сы, төңірегінде, Шу, Қаратал өзен­­дерінің жағалауларында өтк­ен ше­жірелерді шұрайлы тіл­мен су­рет­тей отырып, ұлттық дер­бес­тік, мемлекеттік қауіпсіздік, ел тағ­дырымен егіз ерлердің жүріп өткен жолы егжей-тегжейлі баяндалады.

Әдеби туындылар Төле би мен Абылай ханның қарым-қа­ты­­насын терең суреттеуімен де ерек­шеленетініне тоқталған абзал. Кітаптың басты кейіпкерлері – Абылай хан, Төле би бабалары­мыз­дан бастап, Жалайырдың үш кө­семі – Ескендір би, Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық әулие Дер­бісәліұлы мен Қабан жырау Асанұлы.

Жазушылық өнерді Ұлттық ғы­лым академиясының мұрағат­та­­рындағы жылдарымен байытқан Ұзақ­бай Доспанбетовтің ізденісі осы­лайша ілкімді томдарға айналып, әдебиетімізді байытып отыр.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ



Соңғы жаңалықтар