Қаржы • 31 Наурыз, 2017

Қайрат Келімбетов Ислам даму банкінің Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Ислам даму банкі басқару кеңесінің Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды.

Қайрат Келімбетов Ислам даму банкінің Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 24 наурызындағы Қаулысымен осындай шешім шығарылды.  

Ислам даму банкі осы қаржы ұйымына мүше мемлекеттер мен мұсылман елдеріне шариғат негізінде қаржылық қолдау көрсетіп, экономикасына қаржы салушы банк. Банктің қазіргі таңда 57 мүшесі бар. 

Қазақстан 1996 жылдан бері осы банктің мүшесі. Бүгінде банк еліміздің қаржы мен банк саласындағы сенімді әріптестерінің бірі.  

Бүгінге дейін Қазақстан экономикасына 1,3 млрд доллар салған Ислам даму банкі 2020 жылға дейін тағы 300 млн доллар қаражат құюды көздеп отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10