22 желтоқсан күні Францияның батысында күн батареялары бар панельдермен жабдықталған әлемдегі алғашқы автожол ашылды. Салтанатты шараға осы елдің Экология, тұрақты даму және энергетика министрі Сеголен Руаяль қатысты, деп хабарлайды ТАСС. Министр шара барысында бұл жоба басқа да мемлекеттерді қызықтыратынына үміттенетінін айтты.
"Марракештегі БҰҰ-ның климат туралы конференциясында бір жыл бұрын осы жоба таныстырылған болатын. Мына жолдың бетіне күн сәулесін электр энергиясына айналдыратын панно орналастырылған. Ол ауыл шаруашылығына қажетті жерлерді үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді министр.
Аталған жол Турувр қаласында орналасқан. Қазір пайдалануға жолдың алғашқы километрі берілді. Ол жерде 28 шаршы метр күн батареялары бар. Мемлекет қаржылық қолдау көрсеткен жобаға жалпы 5 млн еуро кеткен. Ал күн батареялары 5 мың тұрғыны бар қаланы электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Министрдің айтуынша, Францияда 2017 жылы жаңа даму бағдарламасы қабыданады. Бағдарлама аясында 5 жылдың ішінде мың километр жолды күн панелдерімен жабдықтау жоспарлануда.
Бір айта кетерлігі, ең алғаш күн батареялары тәжірибе ретінде Нидерландыда велосипед жолына қолданылған. Басында күн батареяларының қыс кезінде тез тозып кететіні байқалған. Кейін мамандар бұл кемшілікті жойды. Енді Германия Кельн қаласының маңында күн батареялары бар жол салуды жоспарлап отыр.

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10