Үкімет мүшелері агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брфингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаметінің директоры Еркебұлан Аxметов хабарлады.
«Жақында «Агробизнес - 2020» бағдарламасына өзгеріс енгізіліп, 2013-2017 жылдарға дейін қысқартылды. Соның орнына министрлік жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Аталған бағдарлама кейінгі 2017-2021 жылдарды қамтиды. Бүгін Үкімет сағатында ол бағдарлама таныстырылып қабылданды», - дейді Е.Аxметов.
Министрліктің баспасөз қызметі xабарлауынша, бүгін Үкімет жаңа бағдарлама бойынша арнайы қаулыны қабылдап, ары қарай Президент Әкімшілігіне жіберді. Жалпы, жаңа бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 1,3 есеге артып, табыстың мөлшері 3,3 трлн-нан. 4,3 трлн. теңгеге дейін артады деген болжам бар. Агроөнеркәсіп саласындағы өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау деңгейі 7 есеге ұлғаяды. Негізгі мақсат - отандық өнімдерді барынша көбейтіп, ішкі нарықты толтыру. Осы орайда отандық кәсіпорындардың өнім өңдеу көрсеткішін барынша арттыру жоспарланған. Ол үшін жергілікті жерде кооперативтер көптеп құрылады.
Айта кетейік, қарашаның 29-ы күні өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын таныстырған болатын.
• 23 Желтоқсан, 2016
Ауыл шаруашылығына арналған жаңа бағдарлама мақұлданды

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31