Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директоры Е. Ахметов айтты. Оның айтуынша, бұған қол жеткізу үшін елдік ауқымдағы жем балансы әзірленіп, қоспа жем көлемі 1,3 млн. тоннаға артпақ және құрама жем зауыттарының жүктелімі 48%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды. Сондай-ақ, суармалы жайылымдар аймағы 18 млн. га ұлғаймақ. Жалпылай алғанда, жаңа Бағдарламаны іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды 1,3 есеге арттырып, жалпы сомасы 3,3-тен 4,3 трлн. теңгеге өспек.
Атап айтқанда, еңбек өнімділігі 50%-ға артып, 1,2 млн.-нан 1,9 млн. теңгеге жетпек және де 500 мың ауыл шаруашылығы ЖҚШ мен шаруа қожалығы кооперативтер арқылы өнім жылжыту жүйесіне тартылмақ, ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың көлемі 7 есеге артпақ. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі 1,3 есеге артады. Салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемі 3 есеге артып, 427 млрд. теңгеге жетпек.
Айта кететін жайт, жаңа бағдарлама бүгінге дейін бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни мемлекеттен қосымша қаржы талап етпейді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ауыл шаруашылығына арналған жаңа бағдарламаның мақұлданғанын хабарлаған болатынбыз.

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31