Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан, өткен тәуліктерде халықаралық, республикалық және жергілікті маңыздағы 20 бағыт бойынша автокөлік жолдары жабылды.
Әсіресе, қар аралас қатты дауыл «Көкшетау – Астана» күре жолында адым жерді көрсетпей тастаған. Алайда, полиция және төтенше жағдайлар тарапынан бірнеше мәрте ескертпе жасалғанымен, жүргізушілердің басым бөлігі сапарын жалғастырып, өздерін және жолаушыларды орасан зор қауіпке ұшыратуда. Басқа бағыттарда да осындай келеңсіздіктер орын алған.
Ақмола облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі тәулік бойғы кезекшілік тәртібіне көшіріліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал жасауда.
Барлық бағыттарда қосымша 40 пост және жол-патрульдік қызметінің экипажы құрылып, оған 200 қоғамдық қауіпсіздік өкілі жұмылдырылды. Осының арқасында, 3000-нан астам көлік қауіпсіз жерлерге шығарылған.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31