13 Ақпан, 2017

Бәсекеге қабілеттіліктің айқын көрінісі

117 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Корпоративтік сектордағы әйелдер мүмкіндіктерін кеңейту» атты халық­ара­лық форумға қатысты. Форумға Қазақстан Прези­денті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік ор­ган­­дар мен ұлттық компания­лар­дың ба­с­­шылары, шет мемле­кет­тер­дің елшілері, халықаралық ұйым­­дардың, ҮЕҰ өкілдері, қазақ­стандық және шетелдік сарап­шылар, БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақ­стан Президентінің «Қазақстан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты Жолдауында еліміз өз дамуын­дағы жаңа дәуірге қадам бас­қанын атап өткенін айтты. Г.Әб­ді­қалықова Жолдаудың екінші басымдығы – бизнес ахуалын түбегейлі жақсарту және аясын кеңейту ісіне әйелдердің белсене атсалысуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. – Көп нәрсе шағын және орта биз­нес кәсіпорындарын бас­қаратын әйелдерге байланысты. Әйел басшылардың қоғамдық үдерістерге атсалысуы басқару­шылық рәсімі мен бәсекеге қабі­леттілікті арттыру сапасына оң әсерін тигізеді. Бұдан бөлек, инновациялық стартаптар құру­да ғылымды қажет ететін экономика драйверлерінің бірі ретінде әйелдер қызметінің бел­сен­ділігін арттыру қажет, – деді Г.Әбдіқалықова. Бүгінде елдің барлық белсен­ді шағын және орта бизнес субъектілерінің 44%-ын (570 мыңнан астам субъект) әйелдер басқарады. Олар Қазақстанның шағын және орта бизнес сек­торындағы барлық жұмыс орындарының 31%-ын қамтып отыр. Республикада әйелдер биз­­несін дамытуға арналған мем­­лекеттік бағдарламалар, Үкі­мет пен ЕҚДБ, БҰҰ Даму бағ­­дар­ламасы, Дүниежүзілік банк, т.б. халықаралық даму инс­ти­туттары арасындағы келі­сім­дер арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, ауылдағы әйел-кәсіпкерлерге «ҚазАгро» хол­дингі арқылы қолдау көр­сетілуде. Осылайша, соңғы үш жыл­да несие алушылардың 32%-ы әйелдер болып отыр. Мұндай шаралар қабылдау Қазақстанға Дүниежүзілік экономикалық форумның «Экономикаға атсалысу және әйелдер мүмкіндіктері» рейтингі көрсеткішін жақсартып, 31-ші орынға жетуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік хатшы Қазақ­стан­да қазір 4 миллионнан астам отбасы бар екенін атап өтті. Елі­мізде отбасыны нығайту мақ­­са­тымен қажетті жағдайлар жасау жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшы­сы­ның Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және ген­дер­лік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманың мақсаты – гендерлік теңдік деңгейін, отбасы мүшелерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәр­биелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функ­ция­­ларын орындаудағы жауап­керші­лігін, тепе-теңдігі мен нәтижелілігін арттыру. Соңында Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының 2017 жылғы Жолдауында белгіленген мін­деттерді орындау үшін әйел­дердің корпоративтік сектор­дағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, шағын және орта бизнесті одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындап берді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар