
Фото: Қазақ үні
«Исраил ағамыз – нәзік лирикасымен, сырлы да сазды жырларымен қазақ поэзиясында өз өрнегін қалдырған ерекше тұлға еді. Оның өлеңі елдің үніне, әні халықтың жүрегіне айналды. Сезімді тербеген сыршыл жырлары мен ойлы драмалары – руханиятқа қосылған баға жетпес қазына.
Сара сөздің, шынайы сезімнің шебері – көпшілікке қазақ поэзиясының кең тынысын танытқан ақын ағамыздың асыл рухы пейіште шалқысын.
Алла тағала рақымына алып, жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!
Қош болыңыз, Исраил аға», делінген көңіл айту хатында.
Бұған дейін ақынның отбасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын жолдағанын жазған болатынбыз.