25 наурызда сағат 10:00-да М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Шашу» халықаралық өнер фестивалі ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының білім басқармасы, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, «ART-ШАШУ» ҚҚ.
Фестиваль түрлі мемлекеттердегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы мәдени және достық қарым-қатынасты нығайтуға, шығармашылықты қолдау мен дамытуға, шығармашылық ұжымдардың өнер жетістіктерімен және тәжірибесімен бөлісуге, балалар мен жасөспірімдерді Қазақстанның мәдени байлығымен таныстыруға бағытталған.
«Шашу» халықаралық фестиваліне еліміздің дарынды балалары мен жастары, сонымен қатар Ресей Федерациясының, Саха (Якутия) Республикасының, Қырғызстанның шығармашылық ұжымдары қатысады. «Вокал» (эстрадалық, халықтық, академиялық), «хореография» (халық биі , халықтық – стильді биі, қазіргі заманғы би және эстрадалық би, балалар хореографиясы), «инструментальдық жанр» (соло, ансамбльдер және оркестрлер), «халық әні» іспетті жанрлар бойынша 700-ден астам қатысушы өздерінің шеберлігін сынайды. Қазылар алқасының құрамында ҚР өнер қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, эстрада жұлдыздары бар.
Фестивальдің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаты және Гала-концерт өтеді.
Мәдени шара 29 наурызға дейін жалғасын табады.

«Louis Vuitton» және «Nesquik»: Алматыда танымал брендтер заңсыз пайдаланылған
Оқиға • Бүгін, 15:54
Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталды
Елорда • Бүгін, 14:40
Академик Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай жиын өтті
Қоғам • Бүгін, 13:30
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жоспарын бекітті
Үкімет • Бүгін, 12:50
Қытайлық блогер Тао Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Марапат • Бүгін, 12:32
Елімізде созылмалы асқазан-ішек аурулары көбейіп барады
Медицина • Бүгін, 11:49
Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді
Қазақстан • Бүгін, 11:21
Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 10:22
Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:27
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:09
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Кеше
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше