Кувейтте мерзімінен бұрын болған Ұлттық жиналыс (парламент) сайлауы аяқталды. Енді дауыстарды санау басталды, деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі.
«Аль-Анба» басылымының сайтындағы алғашқы санақ қорытындысы бойынша көшті алдыңғы шақырылған парламент мүшелері және оппозиционерлер бастап тұр. Болжам бойынша, сайлауға халықтың 70-80% қатысты. Кувейт бес округке бөлінген, парламенттегі 50 орынға олардың әрқайсысынан 10 өкілден сайланады. 15-шақырылым парламентіне үміткерлердің жалпы саны 293, олардың 14-і әйел.
Айта кетейік, биыл 16 қазанда Кувейт әмірі шейх Сабах аль Ахмед Ас-Сабах биліктің атқарушы және заң шығарушы салаларының жанжалына байланысты парламентті тарату туралы декрет жариялады.
Дағдарыс Кувейт билігін Парламент келісімінсіз жанармай бағасын көтеру туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Мұнай бағасының арзандауына байланысты Кувейт алғаш рет бюджет тапшылығына тап болды. Осыған байланысты билік мемлекеттік қазынаны толтырудың барлық жолдарын қарастырып жатыр.
Кезекті парламент сайлауы 2017 жылдың шілде-тамыз айларында өтуі тиіс болатын.

Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше