
«Еліміздің барлық алты азаматы бүгін Мысырдан өз еліне аман-есен оралды. Қазір олар өз үйлеріне туыстары мен жақындарына бара жатыр», - деп жазды Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.
Еске сала кетсек, осыған дейін Мысырда 6 студенттің жоғалып кеткендігі туралы ақпарат жарияланып, кейінірек студенттердің Мысырдың құқық қорғау органында болғандығы анықталған болатын. Осыған байланысты Қазақстан Мысырға ресми наразылық нотасын жіберген. 1 тамызда Мысырдың ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан елшілігімен хабарласып, алты азаматтың еліне қайтарылатынын хабарлаған. Қазақстандық алты азаматтың ол жақта не үшін ұсталғаны әлі белгісіз болып отыр.