
Сессияда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев Шымкент қаласынан сайланған депутаттардан осындай өтініш түскенін жеткізді.
«Түркістан облыстық мәслихаты алты депутатының өз өтініштері бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысты қарауды сұраймын. Олар - №4 сайлау округінен сайланған Жұмағали Білісбеков, №5 сайлау округінен Қайрат Молдасейітов, №6 сайлау округінен Қилыбек Тұрлыбек, №7 округтен Арман Берденов, №8 сайлау округінен Бахарам Абдукаримов және №9 сайлау округінен Рәшкүл Оспаналиева».