Қазақстан • 29 Қараша, 2018

«Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай қызылордалық полицейлер марапатталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамына орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті.

«Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай қызылордалық полицейлер марапатталды

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды.

Шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал- полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтау хаты оқылды. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, жиналғандарды, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 136 полиция қызметкерлері, ардагерлер марапатталды.

Оның ішінде, мерзімінен бұрын «полиция подполковнигі» атағы Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Сакен Сыздыққа берілсе,  7-і қызметкер ІІ-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Айта кетерлік жайт, марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық Полиция бөлімдері, Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері де бар.

Бұдан әрі шара концерттік бағдарламаға ұласты, патриоттық әндер айтылып,  мерекелік билер ұсынылды.