Фото: Ашық дереккөз
«Le Figaro» газетінің мәліметіне сүйенсек, өткен аптаның ішінде ғана дизель отыны 8 еуроцентке қымбаттап, литріне 2,2 еуроға жеткен. Сарапшылар мұндай күрт қымбаттаудың басты себебі ретінде Парсы шығанағынан келетін мұнай тасымалын шектеген Ормұз бұғазының бұғатталуын атап өтті.
Бұл тапшылықты өтеу және бағаны ауыздықтау мақсатында Франция билігі техникалық стандарты төмендетілген жанармайды сатуға уақытша рұқсат берді. Сонымен қатар сәуір айында ел үкіметі дағдарыстан ең көп зардап шеккен экономика салаларын қолдау үшін 70 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, дизель – Франциядағы ең өтімді жанармай түрі. Елдегі жалпы отын нарығының шамамен 70 пайызы осы дизельге тиесілі.
Еске сала кетейік, жұма күні Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 3 пайызға өсіп, барреліне 115 долларға жетті.