
Сартай жаудан елді азат етуге аттанарда тоқсан сегіз жастағы әкесі Байжаннан бата сұрайды.
Байжан бидің баласына берген батасы былай өріледі:
Қолыңды жай жан балам,
Дұғаға толсын уысың.
Дәулет беріп жасаған,
Мол болсын бағың, ырысың.
Бағың өрлеп биікке.
Тарасын елге дыбысың.
Жау ішіне кіргенде,
Көрінсін көпке ұрысың.
Ел ішіне келгенде,
Әділдік пен әдеппен,
Жұртқа жақсын жүрісің.
Орайы келіп тез бітсін,
Қолыңа алған жұмысың.
Ауызыңа қарасын,
Үш арыс қазақ жынысың.
Жасаған ием жар болып,
Аллаһу акбар, дұғамның
Қазағым көрсін ырысын.
Сартай «мың баламен» жау шетіне қарай атқан оқтай ұмтылды. Оның сарбаздары Шу, Отар, Сарысу, Есіл бойы, Балқаш көлі маңында, Ұлытау үшін Бұланты мен Білеуті өзендерінің арасындағы Қалмаққырылған және Аңырақай шайқастарына қатысты. Осылайша халқының мәртебесін асыруға үлкен үлес қосып, талай ерліктер жасады. Сартай Қазыбек бидің бастауымен барша руды қазақтың басты жауы жоңғарлармен күреске жұмылдырды. Ұлы жүз бен Орта жүздің жаушыларын Мұғалжар тауы маңында қарсы алып, олардың Кіші жүз жеріндегі кездесулеріне жағдай жасады, сарбаздарымен қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сартай бар ғұмырында ел қорғаған сардар ретінде талай шайқастарға қатысты, Әлім руының қара қылды қақ жарған биі ретінде талай дауларға төрелік айтты. Оның әулиелік қасиеті де елді тамсандырған. Өзінен кейінгі үш ғасырда ел, жер, адамдар қалай өзгеретінін дәл болжаған дала данагөйі деуге болады. Бір ғасырға жуық ғұмыр кешкен Сартай баба бейіті қазіргі Қызылорда облысындағы Қазалы ауданы орталығынан 63 шақырым қашықтықтағы Қызылқұмда, діни ұстазы Қасымқожа мен атақты Жалаңтөс батыр ұрпағы Дәулет бақсы бейіттерінің жанында.
Сондықтан халқымыздың еркіндігіне қол жеткізуге атсалысқан Сартай мен «мың бала» қолының өшпес ерліктерін көрсету, бүгінгі ұрпақты патриоттық-отансүйгіштік сезімге, ұлтын құрметтеуге баулу мақсатында қазақ батыры Сартай Байжанұлы бастаған «Мың бала» жорығына арнайы ескерткіш орнатылуы, өңірлер мен қалаларда көше атауы беріліп, білім және тәрбие беру ошақтарында олардың ерлігі мен өмір жолдары кеңінен дәріптелуі тиіс. Өйткені «Ат тұяғын тай басар» демекші, ата-бабалар өнегесін үлгі тұтып, ұрпақ тәрбиелейтін, ата жұртын қасық қаны қалғанша қорғайтын жас буын өсіп келеді. Сартай Байжанұлынан тараған ұрпақ бүгінде елімізге, тәуелсіздіктің нығаюына аянбай еңбек етуде. Айталық, Сартай атамыздың бір ұрпағы республика көлемінде және ше-телдерге белгілі, Невада-Семей қозғалысына айтулы үлес қосқан Жанарыс Еңсепов.
Иә, бастапқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Ол тілсізге тіл бітіріп, шарана дауысын сан жыл бойы ести алмаған аналардың бауырына сәби беріп, үміттерін үзіп бақилыққа бел буған жандардың жанарына үміт отын жағып, түрлі сырқатқа душар болған адамдардың жанына жаз көктемін ұялатып келеді.
Халыққа адал да ардақты іс жасаған қандай ғанибет! Алланың аманатымен берілген көріпкелдік қасиеті алдына мұң-мұқтажын айтып келген, Жаратқанға жалбарынған жандарға өмірден үміт үзбеуіне ишарат білдірді. Жанарыс Жақсылықұлы белді бекем буып, құдіреті күшті бұйрықты орындауға тәуекел етті. Адамдарды емдеуге кіріскен Жанарыс Жақсылықұлының ұстанымы – ана тілін қадірлеу, отбасының береке-бірлігін сақтау, қазақтың санын көбейту. Шипа іздеген халқына жан жылуын сыйлап, шапағатын тигізген табиғи дарын иесіне ризалығын білдірушілер жетерлік. Мәселен, Жанарыс Жақсылықұлы мұрағатына зер салсаңыз, ем қонып, шипа дарыған, яғни жақсы нәтиже болған жандардың жазған хаттары бар. Батпандап кірген дерт мысқалдап шығады. Сондықтан ұшықтай сала жазылды деуге болмас. Бәріне шыдам, уақыт, сенім, тазалық керек. Қаншама адамдар отбасылық жағдайын айтып жылап келеді. Бірі несиесін төлей алмай жүрген адамдар, жігіті алдап жүкті болып қалған қыздар, обыр ауруына шалдыққан науқастар және қызметтік мансабында жоғарылағысы келетіндер Жанарыс емшіге келеді. Жұмысы алға баспай, жолы ашылмай жүрген адамдардың да талаптарына нұр жауып, қуанып жүргендері көп.
«Басқа түскен баспақшыл». Біз де көптеген дәрігерлер мен емшілерге барып, денсаулығымызды қайда емдетерімізді білмей жүрген жандардың бірі едік. Түрлі обыр, қалқанша безі, гайморит, соқыр, саңырау, демікпе ауруларынан жазылып, сырқат кезде қолданған аппараттарын тастап кетіп жатқандардың ризашылығы көңіл толқытады. Айталық, обыр – емі жоқ аурулардың бірі. Қазақта мұны «жаман ауру» деп те айтады. Бұл айналасындағы сау тіндерді жейді. Қан арқылы көрші мүшелерге таралып, зақымдайды. Жанарыс Жақсылықұлының емінен кейін іштегі рак клеткалары науқастың денесінен қан кету, құсу, іш өту арқылы сыртқа шығарылады. Науқас құлан-таза аурудан айығады.
Ел арасында «Қыдыр ата» атанған Жанарыс Еңсепов – білгір диагнозшы. Ерекшелігі, ол адам анатомиясы мен физиологиясынан толық хабардар. Жанарыс ем арасында адамдармен сөйлесіп, олардың ойын түрлі сұрақ қою арқылы ұғады. Адам пиғылының бұзылуы, маскүнемдік, нашақорлық, белсіздік, бедеулік, әлсіздік белгілері Жанарыс Жақсылықұлын алаңдатып отырған басты мәселелер санатында. Сондай-ақ ол адамдарды сырқатынан айықтырып қана қоймай, рухани тазаруға, адамгершілікке, адалдыққа, шындыққа тәрбиелейді.
Орынбек ШАРИПОВ,
Индира БАРМАҒАНБЕТОВА
АҚТӨБЕ