Қоғам • 15 Маусым, 2026

ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бес апта ішінде өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында талапкерлер тарапынан 470-тен астам ереже бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды

Тестілеу 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Қатысуға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Олардың 668-і ерекше білім беру қажеттіліктері бар азаматтар. Қазіргі уақытқа дейін шамамен 236 мың тест тапсырылған.

ҰБТ кезінде жарық өшіп қалса, түлектердің нәтижесі қалай бағаланады? Министр жауап берді

Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 64 болса, ең жоғары нәтиже 140 балл.

«Бес апта ішінде 474 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 298 талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілген. Ал 176 адам тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған», деді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін мамандар бейнежазбаларды талдайды. Егер тыйым салынған заттарды қолдану немесе ережені бұзу фактілері анықталса, тест нәтижелері жойылатындығын айтып отыр министрлік өкілдері.

ҰБТ-да құқықтары бұзылған талапкерлер қайда жүгіне алады?

Соңғы жаңалықтар