
Республиканың басым бөлігінде жылы ауа райын ұстап тұрған оңтүстік циклоны енді Алтайға қарай жылжиды. Ал Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда минус 35-42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін температура төмендейді. Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон жексенбіде аяздың орнын басып, қар, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады.